Оралда тұрғын үй ауласындағы асүй отқа оранды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үй ауласындағы асүй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, қалаға қарасты Деркөл кенті Тихая көшесі, 23-мекенжайда қатты түтіннің шығып жатқаны жөнінде 12 шілде күні сағат 09.41-де хабар түскен.

Өрт сөндірушілер келіп жеткен сәтте 1964 жылғы азаматқа тиесілі бөлек тұрған жазғы асүйдің төбесі мен жеке заттар жанып жатқаны белгілі болды.

Оның аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы нәтижесінде «тілсіз жаудың» одан әрі өршуіне жол берілген жоқ. Өрт 10.04-те оқшауланып, 10.21-де сөндірілді.

Оқиға орнында 2 техникамен 7 адам жұмыс жасады.

Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Айта кетейік, бұдан бұрын өңірде күннің ысуына байланысты өрт қаупінің күшейгені жөнінде ескерту жарияланған болатын.

Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 16-20 шілде аралығында облыстың кей жерлерінде күннің 40-42 градусқа дейін ыситыны жөнінде хабарланып, тиісті шаралар алынуда.

Соңғы жаңалықтар