2009 жылғы 8 қазан 17:10

Оралда тұңғыш рет жүрек ишемиясына шалдыққан науқасқа ота жасалды

ОРАЛ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық кардиология орталығында жүрек ишемиясына шалдыққан 57 жастағы науқасқа ота жасалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың бас дәрігері Ақтілек Өмірбаевтың айтуынша, жүрегінің үш тамыры ауыстырылған науқастың жағдайы қазір жақсы. Өңірде ҚР кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес бұдан бұрын кардиохирургиялық бөлімше ашылып, 484,9 млн. теңгеге қазіргі заманғы құрал-жабдықтар алынған болатын. Сондай-ақ Самара облыстық кардиологиялық-клиникалық диспансерімен келісім-шарт жасалған еді. Диспансердің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сергей Хохлунов бастаған сегіз дәрігер-хирург осы аптада барлығы сегіз адамға ота жасамақшы. Медицинада аса қиын саналатын жүректің аорто-коронарлық шунттау отасына облыс дәрігерлері, кардиохирург Руслан Аюпов, анестезиолог Шаттық Омаров, перфузиолог Жұлдыз Ермағанбетовтер де қатысып, тәжірибе жинақтауда.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT