Оралда тұңғыш рет «Өнер барысы» турнирі өтті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен "Өнер барысы" турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өткен додаға өнер саласында жүрген барлығы 41 палуан қатысып, бақ сынады.
БҚО қазақ күресі федерациясы, Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған сайыста палуандар екі салмақ дәрежесі бойынша кілемге шықты.
70 келіге дейінгі салмақта 18 өнерлі жігіт күш сынасып, Сырым ауданынан келген Бауыржан Бисқалиев жеңімпаз атанды.
Тағы бір сырымдық Бекболат Хайруллин екінші орынға ие болды. Бөкейордалық Асхат Қален үшінші жүлдеге қоса "Үздік техникасы үшін" аталымын иеленді. Бәйтеректік Естеміс Мұқамбетов "Жеңіске деген жігері үшін", сырымдық Мейірбек Қанатов "Жас палуан" аталымымен атап өтілді.
70 келіден жоғарылар арасында 23 үміткердің арасында бөрлілік Бақытжан Тәуекелдің мерейі үстем болды. Ақжайықтық Дәулет Шәмелов екінші, қазталовтық Жігер Маусымов үшінші орынға көтерілді.
Бұл жарыс өнерлі жандардың қазақ күресіне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласы мол екендігін танытып, сонымен қатар жұртшылықтың да делебесін қоздырып, бір серпілтіп тастады. Олар алдағы уақытта да турнирдің дәстүрлі түрде өтіп тұруына тілектестігін білдірді.
- Еуропа лигасы: «Астана» соңғы ойында жеңіске жете ала ма
- Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» қарсыласын ойсырата жеңді
- Әнші және полицей: Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті
- Допты хоккей: «Ақжайық» «Маяк» командасынан ұтылып қалды
-
БҚО-да қызмет бабын асыра пайдаланған прокуратура қызметкері сотталды
-
ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам