Оралда түнгі клубтың жанында төбелескен Ресей азаматтары бес тәулікке қамалды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жаппай төбелеске қатысқандардың бәрін полиция ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

30 қыркүйек күні сағат 00.00 шамасында БҚО ПД жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларын мониторингтеп отырғанда Оралдың түнгі клубтың жанында ер адамдардың төбелесін байқады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады.

Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды. Жанжалға қатысушылар Абай полиция бөліміне жеткізілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1992 және 1995 жылы туған РФ азаматтарына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Азаматтық сот жоғарыда аталған РФ азаматтарының ҚР аумағында одан әрі жүріп-тұру мәселесін қарайды.



Соңғы жаңалықтар