+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Оралда түнгі клубта демалғандар әжетханаға тығылды

2020 жылғы 22 қараша 19:48
Бөлісіңіз:
Оралда түнгі клубта демалғандар әжетханаға тығылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полиция қызметкерлері мониторингтік топ мүшелерімен бірге түнгі клубта көп адамның демалып жатқандығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды Коронавирусқа қатысты әлемдегі ахуал қандай «Сары» аймақтағы Атырау: Стационарларда 341 науқас жатыр

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, індеттің өсе түскеніне және шектеу шараларына қарамастан, кейбір көңіл көтеру орындары карантиндік талапты бұзуды тоқтатар емес.

Осындай оқиғаның бірі 20 қараша күні «Палладиум» сауда үйінде орын тепкен «ФСБ» түнгі клубында болды. Бейнежазбада көрсетілгеніндей, сағат 22.42-ден кейін де мұнда көп адамның көңіл көтеріп жүргені әшкереленді.

Жауапкершіліктен қашпақ болған кейбір келушілер тіпті әжетханаға тығылды. Соның ішінде біреуі әжетхана ішінде қабырғадағы тесікке жасырынып, өзін тақтаймен жаппақ болғанымен, тәртіп сақшыларынан құтыла алмады.

«Түнгі клубта болған 80-нен астам адамның бәріне әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ нысанның иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабына сәйкес хаттама түзілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда санитарлық постар алынатынын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT