Оралда түнгі клубта ауыр жарақат алған 27 жастағы жігіт ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдағы «Барвиха» түнгі клубында ауыр жарақат алған 27 жасар жігіт ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 23 қыркүйек күні түнгі сағат 03.00 шамасында болды.

Кеуда тұсынан (бесінші және алтыншы қабырғаларының арасынан) алған жарақатымен Сырым ауданының 1992 жылғы тумасы қалалық көпбейінді ауруханасына түсті. Дәрігерлер қарағаннан кейін ол стационарлық емдеуге жатқызылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен аталған оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Басқа мәлімет кейін берілетін болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған жігіттің жағдайы ауыр екендігін жеткізді.

«Оған ота жасалды. Жүрегіне зақым келген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», деді А.Сақпосынова.



Соңғы жаңалықтар