Оралда түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 11 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00.08 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы қаланың ортасында орналасқан шіркеу маңында төбелес болып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Полиция қызметкерлері дереу жеткен кезде 25-30 жастағы белгісіз ер адамның денесі табылды. Кейін марқұмның 1992 жылғы тұрғын екендігі анықталды.

Қазіргі кезде аталған аса ауыр қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Егер аталған қылмыстың куәгері болсаңыз, Абай полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады. Полиция департаменті ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адамның көз жұмғанын, БҚО тұрғынының 2,5 келіге жуық марихуанамен ұсталғанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар