Оралда тренажер сымына оралып қалған бала жансақтау бөліміне түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 9 жасар бала балалар алаңында тренажер сымына оралып қалып, тұншыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 қыркүйек күні У.Громова көшесі бойындағы аулалардың бірінде болды.

2012 жылы туған бала абайсызда құлап кетіп, темір тренажердің бірінің сымына оралып қалған.

Ол тұншығу диагнозымен қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жансақтау бөлімінде жатқан бала – ес-түссіз күйде. Жағдайы өте ауыр.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Еске салайық, бұдан бұрын Оралда 3 жасар қыз бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткенін жазған болатынбыз.


Иллюстрациялық фото


Соңғы жаңалықтар