Оралда трансформатор өртеніп, қаланың орталық бөлігі жарықсыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда трансформатор өртеніп, қаланың орталық бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні кешкісін Карев көшесі 23-мекенжайда орын алды.

Сағат 19.51-де трансформатор подстансасының төбесі өртенгені жөнінде хабар түскен.

Аумағы 30 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 20.37-де оқшауланып, 20.44-те сөндірілді. Оны ауыздықтауға 8 адам, 3 техника жұмылдырылды.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өрт салдарынан шаһардың орталық (Сарайшықтан Пугачев көшесіне дейінгі) бөлігі жарықсыз қалды.

Қазіргі кезде Карев көшесі – Чагано-Набережная – Ғ.Қараш – Н.Назарбаев даңғылы аралығында жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар