Оралда төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күні аталып өтілді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қадыр Бисембаев, облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов сала ардагерлерін, барлық құрылымдар қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Бұған дейін апаттан құтқару қызметінің үздік бөлімшесін анықтау мақсатында байқау жарияланған болатын. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізіліп, оған алты команда қатысқан. Қызметкерлер балалары арасында сурет байқауы да қорытындыланды. Жиында байқау мен жарыс жеңімпаздары марапатталды.

Соңғы жаңалықтар