Оралда төтенше жағдайлар басқармасының басшысы 22 мың теңге пара алған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қалалық сотының үкімімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы басшысы Марлен Сәрсенғалиев айыпты деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттан түскен мәліметке қарағанда, ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес 1982 жылғы М.Сәрсенғалиевке мүлкін тәркілеусіз параның 60 еселенген мөлшерінде, яғни 1,320 млн теңге айыппұл салынды.

Сот талқысында белгілі болғандай, биылғы наурыз-сәуір айларында М.Сәрсенғалиев қызметкерлердің өрт қауіпсіздігін білу бойынша оқымағанын және емтиханнан өтпегенін біле тұра, қаладағы бір ЖШС-ның біліктілік жөніндегі комиссиясының мәжіліс хаттамасына қол қойған. Содан кейін хаттама негізінде 22 қызметкерге куәлік берілген.

Осылайша М.Сәрсенғалиев лауазымды қызметкер бола тұра, ұялы телефонының балансына аудару жолымен 22 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қалалық сотының үкімімен өңірдің қырыққа жуық тұрғынын алдап кеткен өзбекстандық азаматтың сотталғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар