Оралда төртінші қабаттан ер адам құлап кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда төртінші қабаттан құлап кеткен ер адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Покатилов көшесіндегі үйдің төртінші қабатынан ер адамның құлап кеткені жөнінде жедел жәрдемге бүгін сағат 18.20-да қоңырау шалынған.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына бес минуттан кейін жеткен.

«Шамамен 50 жастағы ер адамның қабырғалары сынған. Бас сүйегі мен миына зақым келген. Жағдайы ауыр күйінде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген», - деді А.Сақпосынова.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар