+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

2021 жылғы 10 маусым 21:05
Бөлісіңіз:
Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды Батыс Қазақстанда 600-ден астам тұрғын алаяқтарға алданып қалған Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 18.04-те Алматы көшесі 109/1-мекенжайында орналасқан 5 қабатты үйде болды.

Ата-анасының қарауынсыз қалып, төртінші қабаттан құлаған 2017 жылғы қыз ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Мұрны сынып, ішінен де жарақат алған.

Осымен өңірде жыл басынан бері алты бала терезеден құлап, біреуі көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.04-те шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. О қиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде жатқан қыздың жағдайы тұрақты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеті жасар баланың үшінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT