Оралда төрт киләға жуық есірткінің көзі жойылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 13-інде Орал қалалық ішкі істер басқармасы 4 киләға жуық есірткінің көзін жойды. Бұл шараға құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қатар оқушылар да қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы прокурорының міндетін атқарушы Сәкен Құдайбергеновтің айтуынша, жыл басынан бері есірткіге байланысты қылмыс 20 пайызға өсіп отыр.

Биылғы жеті айда өңірде құқық қорғау органдары 17 кг 617 грамм есірткіні тәркіледі. Оның 5 кг 353 грамы героин болса, 12 кг 264 грамы - марихуана. Осы уақыт ішінде заңсыз есірткі айналымына байланысты 228 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар бір ұйымдасқан қылмыстық топ, екі есірткі ошағы жойылды.

Соңғы жаңалықтар