Оралда төрт қабатты үй өртеніп, 13 адам эвакуацияланды

None
None
ОРАЛ.ҚазАқпарат – Оралда тұрғын үйдің төбесі өртеніп, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 қараша күні сағат 14.14-те Н.Назарбаев даңғылы 232-мекенжайында төрт қабатты үйдің төбесі жанған.

Аумағы 25 шаршы метрді құраған өрт 14.42-де оқшауланып, 15.00-де сөндірілді.

Тұрғын үйден 13 адамшығарылса, соның екеуі – балалар.

«Тілсіз жауды»ауыздықтауға және адамдарды эвакуациялауға 17 қызметкер, 5 техника, полициядан 4 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.

Кеше сондай-ақ, сағат 21.23-те Бөрлі ауданы Приурал ауылында тұрғын үй ауласында 20 тонна пішен жанып кетті. Өрт бүгін 00.31-де оқшауланып, 02.52-де сөндірілді (2 адам, 1 техника).

Соңғы жаңалықтар