Оралда тоғызқұмалақтан зағип жандар арасында ҚР біріншілігі басталды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда тоғызқұмалақтан зағип жандар арасында ҚР біріншілігі басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш біріншілікке Алматы мен Астана қалаларынан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Ақмола, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан 33 тоғызқұмалақшы қатысып, бақтарын сынауда. Жарыстың бас төрешісі - белгілі тоғызқұмалақшы Әсет Шағыров.

Біріншілік жеңімпаздары бір аптадан кейін белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар