Оралда төбелескен қыздарға қатысты іс қозғалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қыздар төбелесіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 03.40 шамасында «Soha» кафесі маңында болған.

Сол жерде бірнеше қыз төбелескен. Солардың біреуі полицияға жүгінген.

Ішкі істер органдары ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар