Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, діни бірлестікті құрып, оған басшылық еткен екі тұрғын жауапқа тартылды.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 489-бабына сәйкес Орал қаласының 1988 жылғы Н. және 1986 жылғы И. деген тұрғындарына қатысты хаттама толтырылып, әрқайсысына 145 850 теңге айыппұл салынды. Олардың екеуі де тіркелмеген, протестанттық бағыттағы діни ағымды ұстанған. Қалған келушілермен алдын алу әңгімелері жүргізілді.
Аталған діни бірлестік экстремизммен күрес басқармасы қызметкерлерінің назарына 2019 жылы іліккен. Сол кезде бірлестік басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға тиісті органда міндетті түрде тіркелу керектігі туралы ескертілген.
Соған қарамастан, биыл осы діни ағымды ұстанатындар Н-ның жеке үйінде жиналған. Полиция қызметкерлері барған кезде үйде 15-тен астам ересек адам және онға жуық бала болған. Барлық қатысушылар діни әнді жаппай айтып отырған. Демалыс күндері қатысушылар саны бұдан да көбейеді.
Ұсталғандардан ақпараттық парақшалар мен кітапшалар тәркіленді.
БҚО полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасы облыс тұрғындарына қырағылық танытып, дәстүрлі емес діни ағымдарға ілеспеу, заңсыз жиындарға қатыспау керектігін, мұның соңы қатерлі жағдайға соқтыруы мүмкін екендігін еске салады.
- Әйелдер құқығы үшін күрес: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
- Футзал: Қазақстан құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізе ме
- Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді
- Алматыда әйелдер аллеясы ашылып, 200 көшет отырғызылды
-
ШҚО-да нәзік жандылар Қарулы Күштер қатарында жемісті еңбек етіп жүр
-
Ақсай қаласында екі автокөлік түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам