Оралда тіл айлығы аясында «Үздік аудармашы-2009» байқауы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығында дәстүрлі облыстық тіл айлығы аясында «Үздік аудармашы-2009» байқауы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы осындай байқауда 11 үміткер бақ сынаса, биыл олардың қатары 16-ға жетті. Төрт кезеңнен тұратын сайыс қорытындысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аудармашысы Әсемгүл Қадырханова жеңімпаз атанды.

Айлық аясында мемлекеттік тілді орнықтыруға бағытталған басқа да шаралар ұйымдастырылмақшы.

Соңғы жаңалықтар