Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тергеу изоляторының қызметкері Абылай Төлеев екі адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал қаласы тергеу изоляторының қызметкері А.Төлеев 21 қаңтарда Мұхит көшесіндегі 134-үйдің жанынан өтіп бара жатып, бесінші қабаттан түтін шығып жатқан көрген.
Іштен айқайды естіген ол бірден көмекке ұмтылды. Көршілермен бірге пәтердің есігін бұзып кірді. Қалың түтінге қарамастан, қаймықпай кірген А.Төлеев 35 және 40 жастағы екі ер адамды алып шықты.
Келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы А.Төлеевті газдан уланған деп тауып, ауруханаға жеткізді.
Аталған үйдің тұрғындары өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, ерлік жасаған жас жігітті әлеуметтік желі арқылы іздеп, тапқан.
Тұрғындар М.Қуанова, О.Питерская, Я.Яшкова, Г.Ыдырысова, Н.Кирилина, А.Жандали, В.Кешельняк БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Ізтелеуовтің атына алғыс айтқан хат жазып, А.Төлеевті марапаттауды өтінген.
Қазіргі кезде Абылай Төлеев ауруханада емделіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйдегі өрттен 38 адамның қауіпсіз жерге шығарылғанын жазған болатынбыз.
- Автобус пен жеңіл көлік соқтығысы: 7 жастағы балаға ота жасалады
- Қызылорда облысында карантин шаралары жұмсарды
- ШҚО-да зейнеткерді өрттен құтқарған полицей марапатталды
- Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдеді
-
Қызылордада қымбат көлік сатып алып, 6 жылдан бері ақшасын бермей жүрген тұрғын ұсталды
-
Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам