Оралда темір контейнер жанып, газ баллондары жарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда темір контейнер жанып, газ баллондары жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, облыстық аурухана маңындағы Яикская көшесі 16-үйдің ауласында темір контейнердің жанып жатқаны жөнінде хабар 17.35-те түскен.

Соның салдарынан 5 газ баллоны жарылып, 17-сін оқиға орнына жеткен ТЖ қызметкерлері алып үлгерген.

Өрт сағат 17-44-те сөндірілген. Оған 6 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 211 өрт тіркеліп, соның салдарынан 10 адам зардап шегіп, екеуі қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар