Оралда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мерекелік концерт қойылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда теннис орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік концерт қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда Ақ Жайық жұртшылығын облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, тәуелсіздік жылдары ішінде өңірдің қол жеткізген табыстары мол екендігін атап өтті. Мысалы, ішкі аймақтық өнім 1 млрд. теңгеден 1,7 трлн. теңгеге дейін өссе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 400 млн. теңгеден 1,3 трлн. теңгеге дейін немесе 3 мың есеге көбейді. Елбасы тапсырмасына сәйкес қолайлы инвестициялық ахуал туғызу бағытында да көп жұмыс атқарылды. Өңір экономикасына құйылатын инвестицияның 80 пайыздан астамы жеке кәсіпкерліктің үлесіне тиеді. Барлығы 3 трлн. 25 млрд. теңге инвестиция тартылды. Шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Атап айтқанда, осы салада өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі тек соңғы он жылда 2005 жылғы 66,7 млрд. теңгеден 2015 жылғы 1 006,8 млрд. теңгеге дейін немесе 15 есеге, ал жұмыс жасайтындар саны 55,9 мыңнан 106,0 мыңға дейін (2 есе) артты. Ауыл шаруашылығы саласында тәуеліздік жылдары (1993-2015) жалпы өнім көлемі 6,8 млрд. теңгеден 106,5 млрд. теңгеге (15 есе) жетті.

null  

Өңірде 335 млрд. астам теңгеге 47 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, соның нәтижесінде 2700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс халқының газбен қамтылуы 2002 жылғы 44 пайыздан биыл 93 пайызға жетті. Жұмыссыздық мәселесі жоспарлы шешіліп келеді. Соңғы он жылда 146 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы 9 пайыздан өткен жылы 4,9 пайызға дейін (1995 жылы - 10,8 пайыз) төмендеді.

null  

«Мұның бәрі - Елбасы саясаты мен мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасы,  өңір халқының жұмыла жұмыс жасауының жемісі.   Болашақта бізді бұдан да биік белестер күтіп тұр. Ең бастысы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!» деді  облыс басшысы.

null  

Бұдан кейін облыстың шығармашылық ұжымдары мен белгілі әртістері өз өнерлерін көрсетті. Театрландырылған көріністер, асқақтаған әуен, мың бұралған би, күмбірлеген күйлер мереке шырайын аша түсті.  

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар