Оралда тартылған құс етін заңсыз тасымалдаған жүк көлігі ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында тартылған құс етін тиеген жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы минстрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, тартылған құс етінің салмағы – 18 960 кг.

«Жүргізушісі DAF маркалы көлігімен Ресей Федерациясы, Самара қаласы, «Мясной Мир» ЖШҚ-дан жүк тасымалдаған. Көлік жүргізушісі тартылған құс етін Орал қаласындағы «Прод-Интерсервис» ЖШС-ға алып келмек болған. Ақпараттық жүйе деректеріне сәйкес, ол 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап жұмысын тоқтатқан» делінген баспасөз хабарламасында.

Осылайша, құжатта және CMR-де жүк алушы туралы ақпаратты бұрмалау түрінде заңбұзушылық орын алған.

«Жүкті нақты кім қабылдап алатыны анықталғаннан кейін жүк көлігі арнайы тұраққа қойылып, құжатта дұрыс ақпарат берілмегені үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды» делінген хабарламада.

Кейінірек жүкті қабылдап алушы мемлекеттік кірістер органында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болып шықты. Жүкті алушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, тауары тәркіленді және материалдар Орал қаласының әкімшілік сотына жіберілді.

«Әкімшілік сот әкелінетін тауарларға ҚҚС-ны тіркемеген және төлемеген күйі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін айыппұл салды. Жеке тұлға Орал қаласындағы Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, одан кейін 1,3 млн теңге көлемде қосымша құн салығын төлейтіні туралы өтініш жазды», - дейді комитеттен.

Автор: Зарина Қаһарман

Соңғы жаңалықтар