Оралда Тараздан келген алаяқтар ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Тараздан келген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың бірнеше адамды алдап кеткені жөнінде тұрғындардан 19 шілде күні арыз түскен.

Келесі күні жалдамалы пәтерден 36 жасар ер адам, 35 жасар әйел және 23 жасар қыз қолға түсті. Үшеуі де – сығандар.

Олар пәтер аралап, бал сатып алуды ұсынған. Сосын негізінен жасы ұлғайған, жалғызілікті және сенгіш адамдарды байқап, бал ашып, дуа қайтаратынын айтқан. Олардың барлық алтын бұйымдарын газетке орап салып, тек ұзақ уақыттан кейін ашуды өтінген. Ораманы ашқан кезде алтын бұйымдар жоқ болған.

Мысалы, Зачаган кентінде 1978 жылғы азаматшаның алтын бұйымдарын сыпырып алып, оған 1,255 млн теңге залал келтірген.

Алданғандар саны бұдан көп болуы да мүмкін.

Әйелдердің бірі дәл осындай қылмысы үшін бұдан бұрын да істі болғаны анықталды.

Күдіктілерден айғақ заттар тәркіленді. Алтын бұйымдар иесіне қайтарылады.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар