Оралда Тараз тұрғыны 21 кг есірткімен ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында Тараз тұрғыны 20 кг кептірілген марихуана және 1 келідей гашишпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлішер Сарының мәлім еткеніндей, оқиға 7 сәуір күні Зачаган

кентінде «Путник» кафесі маңында болды.

Сағат 22.47-де аталмыш басқарма қызметкерлері Шымкент- Орал бағытында жүретін автобустың жолаушысы М-ны қолға түсірді. Тінту барысында одан екі жол сөмкесі алынды.

Күдікті аса ірі көлемде есірткіні Оралға тасымалдап, өткізбек болған.

Ә.Сарының сөзіне қарағанда, сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 20 кг кептірілген марихуана және 1 келідей гашиш тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне (аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаужәне тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ол бұдан бұрын да осындай қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде есірткіні өткізу жолын және бұған қатысы барларды анықтау үшін кешенді шаралар жүргізілуде», деді Ә.Сары.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі автокөлік соқтығысып, бір отбасының үш адамы зардап шеккенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар