+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Оралда тапаншамен жүрген ер адам ұсталды

2020 жылғы 5 қаңтар 07:29
Бөлісіңіз:
Оралда тапаншамен жүрген ер адам ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да қару-жарақты заңсыз алып бара жатқан әскери полиция офицері ұсталды Шымкентте заңсыз қару жасап, оны сатып отырған қылмыстық топ мүшелері сотталды Алматыда қару ұстап жүргендер қамалды

Оқиға 3 қаңтар күні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Патруль басшысы, қатардағы Санжар Жәлел патруль жауынгерлері Ай Садықов және Ерсағын Болатовпен бірге Матросов және Громов көшелерінің қиылысында қара сөмке ұстаған күдікті ер адамды көрген.

«Жеке куәлік көрсетуді өтінген кезде қара сөмкелі адам аулаға қарай қаша жөнелді. Дегенмен ұландықтардың батыл әрі жылдам әрекетінің арқасында күдікті ұсталды. Оқиға орнына полицияның жедел тергеу тобы шақырылды. Ер адамды куәгерлердің көзінше тінтіген сәтте оның шалбарының қалтасынан «ОСА» маркалы травматикалық тапанша табылды» делінген хабарламада.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Оның не себепті қарумен жүргенін тергеу анықтайды.

Ал Ұлттық ұлан жауынгерлері қырағылығы үшін ынталандырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT