Оралда тағы бір тұрғын үй өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тағы бір тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Зачаган кенті 152-атқыштар дивизиясы көшесі 97-мекенжайында болған.

Тұрғын үйде өрт болып жатқаны жөнінде сағат 21.14-те хабар түскен. Үйдің төбесі жанып, өрт аумағы 60 шаршы метрді қамтыды.

Өртті сөндіруге 15 адам, 4 техника жұмылдырылды.

«Тілсіз жау» 22.14-те оқшауланып, 22.25-те ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары, өрттің неден шыққаны анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бос қалған өндірістік ғимарат отқа оранып, тұрғын үй өртенгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар