Оралда сұлулық салонында әйелдің көз жұмуына байланысты күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, кеше сағат 12.30-да «Звезда Востока» сұлулық салонында косметикалық ота жасау кезінде 1977 жылғы әйел көз жұмды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша Э. есімді косметологқа қатысты ҚР ҚК 317-бабы 3-бөліміне (медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті дәрежеде орындамауы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, БҚО ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар