Оралда студенттерге арналған қос бірдей жатақхана салу көзделуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Орал қаласында Президенттің «Әлеуметтік бес тапсырмасы» аясында студенттерге арналған қос бірдей жатақхана  салу көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, Оралда жатақхана тапшылығы сезілуде. Екі мыңнан астам студентке жатақхана қажет болса, соның 500-і М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тиесілі. Қазіргі кезде жер телімі әзірленуде. Сол секілді колледж шәкірттеріне де бір жатақхана керек. Жатақханалар құрылысын биыл бастап, алдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Бұл өзге өңірлерден, сондай-ақ аудандардан келген студенттерді жатақханамен қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, облыста қолжетімді баспана кезегінде 22 мың адам тұрса, соның 19 мыңы Орал қаласында. Оған қоса 56 мың тұрғын - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары. Елбасы тапсырмасына сәйкес осы әлеуметтік мәселені шешу мақсатында биыл 21 көпқабатты, сонымен қатар аудандарда 100-ге жуық тұрғын үй салынбақшы. 

Соңғы жаңалықтар