Оралда сотталған екеу темір тордың ар жағында отырып, зейнеткердің 100 мың теңгесін қолды етті

None
None
ОРАЛ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - 30 наурыз күні Орал қаласы ІІБ-нің жедел іздестіру бөлімі телефон  алаяқтығы  фактісі бойынша қылмыстық істі ізін суытпай ашты.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сол күні сағат 11.30-да белгісіз біреулер өздерін телефонмен полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, алдау арқылы 75 жастағы зейнеткердің 100 мың теңге көлемінде ақшасын қолды қылған. Алаяқтардың бүгінгі таңда бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатқан Ақсай қаласының 25 жастағы және Орал қаласының 22 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Жазасын өтеуші «қарап жатпай», зейнеткерге телефон шалып,  оның ұлын полиция қызметкерлері ұстап алды деп, зейнеткерге ақшалай сыйақыға  «көмектеспекші» болады. Ал зейнеткерден ақшаны алуға оның сыбайласы келеді. Осы тұста сыбайласын полиция қызметкерлері құрықтайды.

Қазіргі кезде екі бірдей алаяқтың облыс көлеміндегі басқа да телефон алаяқтығы фактісі бойынша қылмысқа  қатыстылығы тексерілуде. 

Соңғы жаңалықтар