Оралда сот қаулысын орындамаған жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 қаңтар күні Орал қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылған М. деген азамат Еуразия даңғылы бойымен «Опель» автокөлігін жүргізіп келе жатқан жерінен 11.00 сағат шамасында ұсталды.

БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 669-бабын (сот актісін орындамау) бұзуға жол берген.

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 15 қаңтардағы қаулысымен айыпты деп танылған аталмыш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар