2009 жылғы 24 тамыз 19:05

Оралда Сорочин жәрмеңкесі өткізілді

ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында Сорочин жәрмеңкесі өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда дәстүрге айналып келе жатқан аталмыш шараға қала тұрғындарымен қатар Теректі, Шыңғырлау, Зеленов және Бөрлі аудандарынан келген украин ұлтының өкілдері де қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметов пен Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев мұндай мейрамды өткізу түрлі ұлт өкілдері арасында татулық пен келісімді орнықтыра түсетінін атап өтті. Мерекеге ұлттық киімдерін киіп келіп, тағамдарын ұсынған украиндықтар ән салып, би билеу, түрлі ойынды көрсетуді де ұмытқан жоқ. Украин ұлттық-мәдени орталығының белсенді мүшелері қала әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Мұндай жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT