Оралда шоқыну мейрамында ойықтан су алуға келген 78 жастағы қария көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Жайық өзенінде адамдар шомылып жатқан ойық маңында болды.

Ер адам созылмалы сырқатымен есепте тұрған. Сол жерде құтқарушылар жүгіріп, қолдан келген көмегін жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, сағат 11.08-де Ескі собор маңындағы ойық жанында Деркөл ауылының тұрғыны, бас миының атеросклерозымен ауыратын 78 жастағы ер адамның халі күрт нашарлаған.

Сонда кезекшілік еткен жедел жәрдем бригадасы барлық іс-әрекетті атқарғанымен, ер адамның беті бері қарамады.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде шоқыну мейрамы кезінде барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелер кезекшілік етті.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке құрамнан 113 қызметкер, 18 техника, ҚР ТЖМ «Медициналық апаттар орталығы» мемлекеттік мекемесі БҚО бойынша филиалынан 5 адам, 1 техника, БҚО полиция департаментінен 103 қызметкер, 41 техника, жергілікті атқарушы органдардан 5 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Облыс аумағында 1155 адам шомылса, соның 903-і қалада, 252-сі аудандарда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да шоқыну мерекесінде суға түсетін арнайы орындар белгіленгенін жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат. Батыс Қазақстан.

--О – Е.

Ғ.Ер.

https://kaz.inform.kz/news/bko-da-shokynu-merekesinde-suga-tusetin-arnayy-oryndar-belgilendi_a3741800


Соңғы жаңалықтар