Оралда шетелдік көліктерді тіркеуге байланысты ХҚКО-ның қызмет көрсету уақыты өзгерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелдік автокөліктерді тіркеу науқанына байланысты Орал қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызмет көрсету уақыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, енді мамандандырылған бөлім дүйсенбі-сенбі күндері сағат 09.00-20.00 аралығында жұмыс істейді.

Соның ішінде құжаттарды қабылдау уақыты – 18.00-ге дейін. Уақытша жұмыс кестесі 6 ақпанға дейін белгіленді.

«Қазіргі уақытта шетелдік автокөліктерді тіркеуге өтінішті мамандандырылған бөлімге бармай-ақ, қалалық және аудандық ХҚО бөлімдері, сондай-ақ eGov порталы, egov mobile, halyq homebank қосымшалары арқылы беруге болады. Кеше мамандандырылған бөлім арқылы 151 адам өтініш тапсырды. Соның 32-сі екінші кезеңнен (криминалистерден) өтті. 11 адам мемлекеттік нөмір алып кетті. Шетелде тіркелген автокөліктерді заңдастыру жұмысы одан әрі жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.

Фото – «Азаматтарға арналған үкімет» МК БҚО филиалы


Соңғы жаңалықтар