Оралда Шаған өзеніне ағып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Шаған өзеніне батып бара жатқан 14 жастағы жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Сағат 18.25-те жедел құтқару жасағының қызметкерлері ағыс алып бара жатқан 14 жастағы жасөспірімді құтқарды. Ол шомыламын деп суға батып кете жаздады. Жасөспірім 20 жастағы ағасының қолына тапсырылды.

БҚО ТЖ департаменті суға түскен кезде қауіпсіздік қағидасын ұмытпау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да суға батып бара жатқан 19 жастағы жігіт құтқарылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Оралда 3 жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кетті.





Соңғы жаңалықтар