+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 16 мамыр 14:34
Бөлісіңіз:
Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада төбесіне металл конструкция құлаған әйел ауруханаға түсті Атырауда алтыншы қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды Рудныйда 41 жастағы әйел төртінші қабаттың балконынан құлап кетті

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай, Оралда ата-анасының қарауынсыз қалған 3 жасар бала септикке түсіп кеткен болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, күтушінің сөзіне қарағанда, аулаға шыққан бала септикке түсіп кеткен.

Оны сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамдар шығарып алған.

«Баланың тыныс алу жолы бұзылып, тоқтаған. Аузына жасанды тыныс беру жасалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Баланы бөлімше меңгерушісі хирург, кезекші реаниматолог және нейрохирургпен бірге қарап, медициналық көмек көрсетілген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматолог пен хирург шақыртылған. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған баланың жағдайы ауыр» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам мен 39 жылқының жанып кеткенін болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT