Оралда «Семей-Невада» қозғалысының жиырма жылдығына орай арнайы жиын өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Семей-Невада» қозғалысының жиырма жылдығына орай арнайы жиын өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан жиырма жыл бұрын атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің бастауымен аталмыш қозғалыс көпшілік тарапынан қолдау тапқан болатын. Соншама азап көрсе де, ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақ елі еді. Нарын өңірі тұрғындары да ұзақ уақыт бойы «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарында жасалған сынақтардан зардап шекті. Сондықтан бұдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын Орда ауданы комсомол жастарының ұйымдастыруымен «Семей-Невада-Нарын» қозғалысы құрылып, ол аудандық атқару комитетінде арнайы тіркелді. 1990 жылы күзде Батыс Қазақстан мен Атырау жастарының қатысуымен Ордада әскери полигон сынақтарына қарсы үлкен жиын өткізілді.

Семейде әр жылдары 17 мыңнан астам батысқазақстандық қызмет еткен. Бүгінде бір қозғалысқа басы біріккен олар әскери сынақ полигондарының зардаптарын ұмыта қойған жоқ. «СИЯТ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мағжан Бисенғалиевтің айтуынша, ендігі мақсат - мұндай полигондардың қызметіне түпкілікті тыйым салу. Мәселен, «Капустин Яр» әскери полигоны қазақ жеріне әсер ететін сынақ жасауды әлі тоқтата қойған жоқ.

Соңғы жаңалықтар