Оралда сауда үйінің маңында көлік жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін болған.

Сағат 18.15-те Сырым Датұлы көшесі бойындағы «Астана» сауда үйі аялдамасы маңында 2011 жылы шығарылған Hyundai Accent автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде мәлімет түскен.

Өртті сөндіруге 6 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 18.28-де ауыздықталды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда облысының трассасында трактор жанып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар