Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда саңырауқұлақ теремін деп жоғалып кеткен 73 жастағы қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Юрий Браслевич 5 қараша күні саңырауқұлақ теруге шығып кетіп, содан үйіне оралмаған болатын.

Марқұмның немересі Ирина Жиденконың айтуынша, бүгін атасының денесін орманда мойыл жинап жүрген ер адам тапқан.

«Мүрдені иттер бүлдіріп тастаған. Қашан жер қойнына берілетінін әзір айта алмаймыз. Жабық табытпен жерленетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне И.Жиденко.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен 73 жастағы қарияның үш күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.

Қарияны іздеуге құтқарушылар, еріктілер, Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды. Арнайы тікұшақ та шығарылды.


Соңғы жаңалықтар