Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен 73 жастағы қария үш күннен бері табылмай жатыр

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен 73 жастағы қария үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1949 жылғы Юрий Браслевич 5 қараша күні саңырауқұлақ теру үшін орманға кеткеннен үйіне оралмаған.

«Қазіргі кезде қала маңындағы орманда қарияны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 14 құтқарушы, 2 техника, 1 кинологиялық топ жұмылдырылған» деп хабарлады ведомстводан.

Қарияның немересі Ирина Жиденко атасының 5 қараша күні сағат 10.00-де шығып кеткеннен бері хабарсыз кеткенін жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, құтқарушылармен бірге іздестіру жұмысына орманшылар, еріктілер тартылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын құрылыс компаниясының директоры Орал тұрғынын 21 млн теңгеге алдап кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар