+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Оралда санитарлық талаптарды сақтамаған 11 нысанның қызметі тоқтатылды

2020 жылғы 24 маусым 13:20
Бөлісіңіз:
Оралда санитарлық талаптарды сақтамаған 11 нысанның қызметі тоқтатылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда санитарлық талаптарды сақтамаған 11 нысанның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәртіп сақшылары профилактикалық есепте тұрған астаналықтарды тексеріп жатыр COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор Ұлттық кеңестің тағы бір бастамасы мәре сызығына жетті – Ерлан Қарин

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, індетпен күрес кезінде қаладағы сауда және басқа қызмет ету орындарының ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын бұзғаны анықталды.

Атап айтқанда, «Құрылысшы» шағынауданында «Солнышко», «Продукты», Гагарин көшесінде «Радуга», Еуразия даңғылында «Овощи-фрукты», «Минимаркет» азық-түлік, Д.Қонаев шағынауданында гүл дүкенінде, Д.Нұрпейісова көшесінде ателье мен «Руслана» шаштаразы, Әбілқайыр хан көшесінде «Дина» шаштаразы, Еуразия даңғылында «Достар» кафесі және Н.Назарбаев даңғылында орналасқан «Сабина» сән салонында бұзушылықтар анықталды.

Кемшіліктердің дені азық-түлік өнімдерін орамаға салмай, ашық күйінде сатуға, адамдардың көптеп жиналуына, дезинфекциялық құралдардың, келушілер қолын жуатын антисептиктің болмауына байланысты болып келеді. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер маска, қолғапсыз жұмыс істеген. Сонымен қатар жұмысқа кірісер алдында қызметкерлердің денсаулық жағдайы мен қызуы өлшенгені жөніндегі деректер енгізілетін журналдың жоқтығы белгілі болды.

Бұдан басқа тұрғындардан «Аяжан» сауда үйі, «Алтын алма» және «Михаил» базарларында санитарлық талаптардың сақталмайтыны туралы шағым түсіп, соның негізінде тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталып, іс сотқа жіберілді.

Оған қоса Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы жеке тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 462-бабы 3-бөлігіне (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау) сәйкес 30 хаттама толтырды. Материалдар Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Басқарма басшысы Мәдениет Танауов қазіргі таңда істердің қаралып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда демалыс күндері базарлар мен дәмханалар жабылып, автобустар жүрмейтінін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT