Оралда самбошы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған жарыс өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі турнирге Армения, Грузия, Өзбекстан, Ресей және еліміздің Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан 180-нен астам спортшы қатысты.

Биылғы доданың ерекшелігі, бас жүлдеге тігілген автокөліктің иесі жеңімпаздар арасында лотерея ойнату арқылы анықталды.

Автокөлікті 52 кг салмақта күрескен батысқазақстандық Бақыт Ерасыл ұтып алды.

Басқа салмақ дәрежелері бойынша мыналар чемпион атанды: Болатбек Райымқұлов (57 кг), Қазбек Сұпығалиев (62 кг ), Серікбай Неғмет (68 кг), Нұрбол Серіков (74 кг, бәрі де БҚО-дан), Бека Берулава (82 кг, Грузия), Орынбасар Жұрмағамбетов (90 кг, БҚО), Даниил Борисов (100 кг, Ресей), Темірлан Көлбай (+100 кг, БҚО).

Әскери самбодан мыналар бірінші орынға ие болды: Шыңғыс Қажиақбаров (62 кг, БҚО), Денис Любимов (74 кг, Ресей).

Айта кетейік, турнир халықаралық деңгейде осымен төртінші рет ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар