Оралда самбодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат -  Орал қаласында самбодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.

Салмақ дәрежелері бойынша ерлерден Медет Оңдағанов (52 келі, БҚО), Асхат Шайхиев (57 келі, БҚО), Азамат Мұқанов (62 келі, БҚО), Арман Сәрсенбин (68 келі, Қарағанды), Асылбек Әлкей (74 келі, БҚО), Саят Шамшиев (82 келі, БҚО), Бақытжан Қаныбеков (90 келі, ОҚО), Сабыржан Әбілдаұлы (100 келі, ОҚО), Айбек Нұғыманов (100 келіден жоғары, ШҚО) чемпион атанды.

Әйелдер арасында Бибігүл Баймұратова (48 келі, Атырау), Гауһар Тұрмаханова (52 келі, ОҚО), Раушан Алпысбаева (56 келі, ШҚО), Севера Нышанбаева (60 келі, ОҚО), Ильмира Ысқақова (64 келі, Ақтөбе), Дилбар Өмірәлиева (68 келі, Қарағанды), Қалжан Тайжанова (72 келі, Ақтөбе), Әсел Қазиева (80 келі, БҚО), Юлия Оразбаева (80 келіден жоғары, Алматы облысы) жеңіс тұғырына көтерілді.

Жүлдегерлер арасында да мықты балуандар аз емес.

Соңғы жаңалықтар