Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болды.

«Сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі 42-мекенжайдағы құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан 34 жастағы мотоциклшінің көз жұмғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар