Оралда «Рухани жаңғыру» аясында «Дәстүр» шарасы ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласындағы жаңа алаңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүр» атты мәдени-ағарту, көпшілік шаралары өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясының «Этностар күні» жобасына сәйкес қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған шараға барлық аудандар, жоғары және арнаулы оқу орындары қатысты. Алаңда киіз үйлер тігіліп, тұсау кесу, бата беру секілді ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойылды. Қолөнер көрмесі, ұлттық ойындар кезегімен өтіп жатты.
null

Шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды орнықтыру, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында өңірде осындай жобалардың қолға алынып жатқандығын жеткізді. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
null

Қадыр Мырза Әли атындағы орталық алдында ақындар мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері жастармен кездесіп, өлеңдер оқылып, ұлттық тәрбие төңірегінде ой қозғалды.
null

Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаған шара өңір өнерпаздары қойған концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар