Оралда «Рахмет» азық-түлік дүкені өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында «Рахмет» азық-түлік дүкені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 17 маусым күні сағат 03.54-те Ж.Досмұхамедов көшесі 42/1-мекенжайында орналасқан «Рахмет» азық-түлік дүкені қатты түтіндеген.

Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында аумағы 148 шаршы метр азық-түлік өнімдері отқа оранды.

«Тілсіз жау» сағат 05.24-те ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде екі сауда үйінде өрт шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ кәріз-сорғы стансасындағы апат салдарынан шағынаудандар сусыз қалды.





Соңғы жаңалықтар