+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Оралда «Променад» сауда үйі өртенді

2018 жылғы 1 қараша 11:23
Бөлісіңіз:
Оралда «Променад» сауда үйі өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін таңда «Променад» сауда үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Сырым Датұлы көшесі 21-мекенжайында орналасқан үш қабатты «Променадтағы» өрт жөнінде сағат 05.50-де хабар түскен.

Ғимараттың 2-қабатындағы «Еркемай» дүкенінде ойыншықтар мен жақтаулар жанған. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды.null

Алдын ала мәліметке қарағанда, от өрт сөндіру автоматты қондырғысын монтаждау кезінде пісіру жұмыстарын жүргізгенде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.

Оқиға орнында 14 техника болып, жеке құрамнан 34 адам жұмыс жасады.

«Тілсіз жау» 06.28-де оқшауланып, 07.20-да ауыздықталды.null

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар мен келтірілген шығын анықталу үстінде.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT