Оралда пойыз тағы бір адамды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда пойыз тағы бір ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 11 шілде күні Депо көпірі астында болды.

Жедел жәрдемге сағат 09.17-де қоңырау шалынып, бригада төрт минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша 80 жастағы ер адам жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пойыздың ер адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар