Оралда пойыз ер адамды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда пойыз ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәлім еткеніндей, бүгін түнгі сағат 01.56-да жедел жәрдемге қоңырау шалынып, Деркөл ауылында ер адамды пойыз қағып кеткені жөнінде хабар түскен.

«Оқиға орнынан орта жастағы ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Ол оқиға салдарынан екі аяғынан айырылды. Қазіргі кезде жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде», деді А.Сақпосынова.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға «Тауарлы Кардон» айналымында болды. Аталған дерек ҚР ҚК 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Еске сала кетейік, Оралда 25 жастағы жігітті пойыз қағып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар