Оралда пойыз әйелді қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда жолаушылар пойызы шамамен 30 жастағы келіншекті қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңертең Желаев жолы, 4-шағынаудан маңында орын алды.

«Жедел жәрдем сағат 08.17-де шақыртылды. Бригада оқиға орнына үш минуттан кейін барған. Алдын ала мәлімет бойынша бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта нейрохирург қарап жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар